Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

|
11.10.2025 11:05
Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Ақтауда өңірдің тазалығы мен экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында дәстүрлі «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Бастамаға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы қатысып, жастармен бірге тал көшеттерін отырғызды. Іс-шара барысында қала бойынша бірнеше шағын аудандарда ағаш егу жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Акцияға облыстық және қалалық басқармалар, мемлекеттік мекеме өкілдері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, өңірдің жасыл аймағын көбейтуге өз үлестерін қосты.

 

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекеновтің айтуынша, тазалық жұмыстары өңір бойынша кешенді түрде ұйымдастырылған.

 

«Маңғыстау облысы бойынша сенбілік жұмыстары барлық аудандарды қамтыды. Қазір облыс әкімінің қатысуымен тал көшеттерін отырғызу жалғасып жатыр. 24 аумаққа бөлініп, 1 500 техника жұмылдырылды. Ақтау қаласы бойынша 3 мыңға жуық адам сенбілікке қатысып, мектеп алдындағы 34 шағын ауданда 200-ден астам тал отырғызылды. Көшеттерге тұрақты күтім жасалып, аптасына екі рет суару жүргізіледі», - деді Сәбит Дүйсекенов.

 

Сонымен қатар, өңірге «Жасыл даму» пилоттық жобасы аясында 1 млрд 285 млн теңгеге алынған арнайы техника жеткізіліп жатыр. Қараша айына дейін облыс аумағына 25 жаңа көлік жеткізіліп, сондай-ақ 2 100 қоқыс контейнері орнатылады деп күтілуде.

 

Акцияға қатысқан ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрнияз Мұқанов бұл шараның тәрбиелік маңызы жоғары екенін атап өтті.


«Қаланың тазалығына жастар да, үлкендер де үлес қосып жатқаны қуантады. «Таза Қазақстан» – елді еңбекке, туған жерін аялауға тәрбиелейтін бастама. Жерің таза болса – елің де таза болады», - деді ол.

 

Экологиялық акцияға Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері де белсене қатысты.

 

«Жастардың табиғатқа жанашырлықпен қарауы – болашаққа жасалған инвестиция. Әр отырғызылған тал – келешек ұрпаққа аманат. Осындай игі істер жастардың экосанасын қалыптастырып, қоғамның ортақ жауапкершілігін арттырады», - деді МО жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Меруерт Қонақбаева.

 

Жалпы акция аясында облыс тұрғындары тазалық пен жасыл белдеуді арттыруға шақырылып, экологиялық мәдениетті дамыту бойынша бастама айтылды.

 

79
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!