Ақтау тұрғындары қаладағы жағымсыз иіске шағымданып жатыр

Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
Ақтау тұрғындары таңғы сағат 4-5 шамасында қала көшелерінен шыққан түтіннің иісіне шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, қаланы күйік иісі жайлап, тыныс алу қиындаған, деп хабарлайды otpannews.kz.
Алғашында пәтерде немесе көршілердің үйінде бірдеңе өртеніп жатыр деп ойладым. Кейін иістің сырттан келіп жатқанын байқадым. Дем алу мүмкін емес, — дейді тұрғындардың бірі.
Түнде терезелер ашық тұрған еді. Таңға жақын күйіктің иісіне оянып кеттім. Өртеніп жатырмыз ба деп қорқып кеттім. Сөйтсем, иіс көшеден келіп жатыр екен. Тағы да полигон ба, әлде басқа нәрсе ме белгісіз. Иісі өте жаман, — деп жазды тұрғындар әлеуметтік желілерде.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыс аумағында өрт оқиғасы тіркелмеген. Ал Экология департаменті күйіктің иісі Атырау облысында жанып жатқан қамыстың салдарынан екенін, Ақтауға жел арқылы келгенін жеткізді.
Каспий теңізі жағалауында 3 қазан күні басталған өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
41

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев