Жаңаөзен әкімі газ бекеттерінің жұмысын бақылауға алды

Ашық дереккөзден
Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қаладағы газ сату бекеттерін аралап, тұрғындарға газ жеткізу барысымен танысты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Әкім жауапты тарапқа сұйытылған газды халыққа үздіксіз жеткізуді және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, сату барысында қолдан тапшылық туғызған немесе алыпсатарлыққа жол берген тұлғаларға қатысты арнайы шаралар қолданылатынын атап өтті.
Қала басшысы жағдайды жеке бақылауына алғанын және тұрғындардың әлеуметтік мәселелері үнемі назарда болатынын алға тартты.
29

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев