Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Пара волейболдан әлем кубогы басталды

|
12.10.2025 10:40
Пара волейболдан әлем кубогы басталды

8-18 қазан аралығында АҚШ-та пара волейболдан (отыра ойнау волейболы) Әлем кубогы өтіп жатыр. Бұл додаға әлемнің ең мықты құрамалары қатысуда, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Қазақстан ұлттық құрамасы атынан ерлер командасы сынға түсуде. Турнирдің топтық кезеңінде отандастарымыз Италия, Польша, Канада және Франция құрамаларымен кездеседі.


Қазақстан құрамасының сапында тәжірибелі спортшылармен бірге бас бапкер Бауыржан Тахауов болса, аға бапкерлік қызметті маңғыстаулық маман Құралбек Сейітов атқарып келеді. Ол өңір спортында ерекше орны бар, пара волейбол қозғалысының дамуына зор үлес қосқан бапкерлердің бірі.

 

"Бұл дода – біздің спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы. Әлемнің үздік командаларымен бәсекеге түсу арқылы ойыншылар өз шеберлігін шыңдайды. Ең бастысы – намысты қолдан бермей, еліміздің абыройын жоғары деңгейде қорғау. Біздің мақсат – әр ойыннан нәтиже шығарып, Қазақстан пара волейболының деңгейін әлемге таныту", - дейді аға бапкер Құралбек Сейітов.


49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!