Ақтау тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: The-Village.kz
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, алдағы күндері Ақтау, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Өскемен қаласында ауа сапасының төмендеуімен байланысты қолайсыз метеожағдайлар күтіліп отыр, деп хабарлайды otpannews.kz.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосферадағы қысқа мерзімді құбылыстардың (тынық, әлсіз жел, тұман, инверсия және т.б.) үйлесуі нәтижесінде зиянды және ластаушы заттардың ауада шоғырлануына әкелетін табиғи құбылыс.
Мамандардың айтуынша, мұндай кезеңде тұрғындарға, әсіресе Ақтау қаласында, ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, автожолдар мен өндіріс аймақтарына жақын жерде серуендеуді шектеуге кеңес беріледі.
Сонымен қатар, өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын азаматтарға ашық ауада жүргенде өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүру ұсынылады.
9

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев