Otpan News Logo

«Маңғыстау-Ақтөбе» бағытындағы пойыздың вагондары жаңарды

|
23.01.2026 15:07
«Маңғыстау-Ақтөбе» бағытындағы пойыздың вагондары жаңарды
Көлік министрлігі

«Маңғыстау- Ақтөбе» бағытындағы пойыздың вагондары жаңарды. Бағытқа отандық өндірісте жасалған жаңа, заманауи вагондар шығарылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Көлік басқармасының хабарлауынша, пойыз күн сайын қатынайды. Құрамында 5 купе және 6 плацкарт вагон бар. Бір бағытта 400-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік бар. 


Жолақы 10 000–15 000 теңге аралығында. Барлық вагон қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сай. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы купелер, мүгедектер арбасына арналған орындар және жолсерікті шақыру түймесі қарастырылған.


Айта кетейік, тасымалды «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырады.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!