Otpan News Logo

Ақтауда жылу мен су мәселесі басты назарда: Әкімдікте арнайы штаб өтті

|
23.01.2026 10:20
Ақтауда жылу мен су мәселесі басты назарда: Әкімдікте арнайы штаб өтті

Ақтау қаласының әкімдігінде коммуналдық мәселелерді жедел шешу мақсатында арнайы штаб отырысы өтті. Қала басшысы Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен өткен жиында жылу маусымының барысы мен қала тазалығы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тұрғын үйлерге қызмет көрсететін мекеме өкілдері қатысты. Күн тәртібінде көпқабатты үйлерді жылумен және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету, аула ішіндегі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары мен коммуналдық салаға жауапты мекемелер мен тұрғындар арасындағы кері байланыс талқыланды.


Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов коммуналдық мәселелерді шешуде жауапты мекемелердің өзара үйлесімді жұмыс істеуі керектігін атап өтті. Оның айтуынша, қызметтің қай мекеменің құзыретінде екеніне қарамастан, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы төмендемеуі тиіс.


“Жылу, электр энергиясы және басқа да коммуналдық қызметтер бойынша халыққа сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсету – әрдайым басты назарда болуы қажет”,- деді қала әкімі.


Жиын қорытындысы бойынша қала басшысы қызмет көрсету сапасын арттыру, анықталған кемшіліктерді шұғыл жою және жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын бақылауда ұстау жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!