Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Маңғыстауға жұмыс сапарымен келді

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Маңғыстауға жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірдің негізгі энергетикалық кәсіпорындарының жылыту маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақтау қаласында «МАЭК» ЖШС энергетикалық жабдықтардың және «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ электр желілерінің жөндеу, «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС жаңғырту, 2 кәріз тазарту ғимаратының құрылыс жұмыстарымен, сондай-ақ қалалық магистральдық жылу желілерінің қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. 


Сапар қорытындысында өңірдің электр желілік кешенін одан әрі нығайтудың, сондай-ақ Маңғыстау облысының энергетикалық қауіпсіздігі мен орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бастамаларды қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!