Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда «IT Open Air 2025» инновациялық технология бағытында іс-шара өтті

|
16.10.2025 09:55
Ақтауда «IT Open Air 2025» инновациялық технология бағытында іс-шара өтті

Ақтауда ашық аспан астында өңір жастарына арналған «IT Open Air 2025» атты технология және инновация бағытындағы іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты - жастардың IT саласына қызығушылығын арттыру, жаңа идеялармен алмасуға мүмкіндік беру және аймақтағы цифрлық мәдениетті дамыту, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараны өңірлік цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен Mangystau Hub ұйымдастырды. Ашық форматтағы кездесу 4-шағын ауданның көрініс алаңында өтіп, 80-ге жуық қатысушыны - мектеп оқушыларын, студенттерді, стартаперлерді, инженерлерді және IT саласының мамандарын біріктірді.


Іс-шара барысында қатысушылар ашық микрофон сессиясында өздерінің IT саласына келген жолы мен кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Kahoot форматындағы зияткерлік викторина мен интерактивті ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен Mangystau Hub брендтік мерчтері табысталды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, IT Open Air 2025 - бұл аймақ жастарының өз әлеуетін ашып, заманауи технологияларға бір қадам жақындауына мүмкіндік беретін платформа. Шара аймақтағы IT-комьюнити дамуына серпін беріп, қатысушылар арасында ынтымақтастық пен жаңа идеялардың бастауына айналды.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!