Ақтау әкімдігі бюджет қаржысын сапалы әрі уақытылы игеру мәселесін талқылады

Ақтау қаласының әкімдігі
Ақтау әкімдігінде өткен аппараттық жиынында қала әкімінің міндетін атқарушы Ерғали Скендиров бірқатар өзекті мәселелерді қарап, жауапты мекеме және бөлім басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
“Жыл аяқталуға жақын. Бюджет қаржысының әрбір тиынын тиімді әрі уақытылы игеру міндетті. Салықтық түсімдердің орындалуы да маңызды. Қазіргі таңда әлеуметтік нысандарға және көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты мекеме мамандары жылудың уақытылы берілуін үнемі бақылауда ұстау керек, - деді жауаптылар.
Тағы бір маңызды мәселе шаһардағы санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру ісі болып отыр. Тазалық мәселесін ұдайы назарда ұстап, күзгі ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын күшейту жайы қозғалды.
Кеңес соңында Ерғали Скендиров барлық бағыттағы жұмыстардың тиімді әрі жүйелі ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді жауапты тұлғаларға тапсырды.
52

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев