Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Таза Маңғыстау» челленджі: Қатысушыларға 7 миллион теңге жүлде қоры қарастырылған

|
10.10.2025 15:18
«Таза Маңғыстау» челленджі: Қатысушыларға  7 миллион теңге жүлде қоры қарастырылған

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өңірде 45 күндік «Таза Маңғыстау» челленджі жаңа ауқымды әлеуметтік-экологиялық жобаны іске қосуда. Шара 13 қазан мен 26 қараша аралығында өтеді, Маңғыстау облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа ауқымды әлеуметтік-экологиялық жоба басталады. «Таза Маңғыстау» 45 күндік челленджі 13 қазан мен 26 қараша аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму департаментінің маның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы жүзеге асырады.


Челлендждің 45 күнге созылуы – жай кездейсоқтық емес. Бұл қатысушылардың белсенді болуы, тапсырмаларды орындауы және жобаға қызығушылығын сақтауы үшін оңтайлы уақыт. Қысқа мерзім қатысу мүмкіндігін шектейді, ал уақыт тым ұзақ болса – серпін мен мотивацияны төмендетеді. Бір жарым ай бізге бұл кезеңнің бірнеше циклін қамтуға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, пайдалы әрекеттер мен әдеттер қалыптастыруға мүмкіндік береді, Сондай-ақ тұрақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді,- деді «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ басшысы Кирилл Осин. 


Челленджге жеке тұлғалар да, ұйымдар мен ұжымдар да қатыса алады. Жоба аясында қатысушылар 45 күн бойы экологиялық тазалық пен табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізіп, өз әлеуметтік желілерде #ТазаҚазақстан #ТазаМаңғыстау хэштегтерімен жариялайды. Қатысушылар әр күні өздерінің экологиялық істерін жариялап, нәтижелерін арнайы онлайн күнтізбеде белгілейді. Жеңімпаздар челлендж соңында арнайы комиссия шешімімен анықталады. 


Қатысушылар бірнеше критерий бойынша бағаланады: белсенділік, қатысудың жүйелілігі, идеялардың өзіндік ерекшелігі және орындалу сапасы. Орындалған тапсырмалардың саны ғана емес, олардың қоғам мен қоршаған ортаға тигізер пайдасы да маңызды. Сондай-ақ қатысушылардың қоғамдық ақпараттандыруға белсенділігі де тексеріледі. Яғни әлеуметтік желілерде жарияланатын фотосуреттер мен нәтижелердің сипаттамасы бар посттар да – маңызды,- деді Кирилл Осин.


Қатысушылар абаттандыру, көгалдандыру немесе тазалау қажет деп санайтын аумақтарды өз бетінше таңдай алады. Бұл шақыру жеке бастаманы және экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді, ал облыс тұрғындарын тарту – табиғатты қорғаумен айналысатын белсенділер мен еріктілерге қолдау болады.


Челленджге қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде @tazamangystau арнайы парақшасы ашылды. Челленджге 1 адам немесе ұйымның, мекеменің ұжымдық тобы қатыса алады. Қатысушылар 45 күн бойы өздерінің күнделікті экологиялық бастамалары, іс-әрекеттерімен науқандары туралы посттарын жариялайды. @tazamangystau парақшасында осы жарияланымдардың репосттары жасалып, 45 күн бойы таратылады. Әрбір қатысушы немесе топ https://forms.gle/yu2kYhxeMaGo4pue6 сілтемесі бойынша онлайн «EcoИгіІстер» күнтізбесінжүргізеді.


«Біз үш түрлі нәтиже күтеміз: экология бойынша – аумақтарды тазалау және жай-күйін жақсарту, рұқсат етілмеген қоқыс тастауды азайту және қаланың әл-ауқатын жақсарту ; әлеуметтік жағынан – тұрғындарды бірлескен іс-шараларға тарту, экологиялық жауапкершілік мәдениетін үйрету; және тәрбиелік жағы – табиғатқа қамқорлық жасау дағдыларын дамыту мен қатысушылардың білімін арттыру, – деп қосты Кирилл Осин.


Жалпы жүлде қоры 7 миллион теңгені құрайды, оның 2 миллионы – жеке қатысушыларға, 5 миллионы – командаларға беріледі.


Челлендж аясында эковикторина, онлайн квиз және экология тақырыбында 20 лекция өтеді. Сонымен қатар экологияға қатысты әдебиеттерді насихаттауға бағытталған «Жасыл кітапхана» жобасы мен «Біз Таза Қазақстанды қолдаймыз» акциясы аясында 200-ден астам стикерлер облыс бойынша дәмханалар мен дүкендерге жабыстырылады.

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!