Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Анкарадағы Ақтаудың мәдени күндері: “Арғықазақ мифологиясы”түрік тіліне аударылды

|
16.10.2025 10:35
Анкарадағы Ақтаудың мәдени күндері: “Арғықазақ мифологиясы”түрік тіліне аударылды
видеоскрин

Анкарадағы Президенттік Ұлттық кітапханада мифолог, ғалым Серікбол Қондыбайдың 4 томдық «Арғықазақ мифологиясы» атты іргелі еңбегінің түрік тіліндегі басылымының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бұл – қазақтың бай рухани мұрасын, арғықазақ мифологиясын халықаралық деңгейге танытатын туынды. Кітап ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен басылып шығарылды. 


ТҮРКСОЙ" Серікбол Қондыбайдың кітабын түрік тіліне аударып, түрік оқырмандарына тарту етті. Бұл туындының айтары мол. Түсіне білгенге еңбектің сакралды философиясы терең, түпкі мәні зор. Бұл кітап түрік жұртының сүйікті оқулығына айналады деп сенемін,- деді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев. 


Бұл іс-шараға Маңғыстау облысының бір топ делегациясымен қатар Қазақстан,Түркия елдерінің зиялы қауым өкілдері мен мәртебелі меймандар қатысты.


Бұл еңбек түркі кіндікті дүние таным негізінде, таразыға түсер салмақты ой, салиқалы пікірлер, толымды тұжырымдар, зерделі зерттеулердің дүниеге келуіне, көшпелі өркениеті мен руханиятын қайта түлетуге мүмкіндік береді деп сенеміз,- деп бөлісті Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!