Қарақия аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 11 қазандағы №1036 Жарлығымен Қарақия аудандық сотына жаңа төраға Махитова Замира Эдилбаевна тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Примашев жаңа төрағаны ұжымға таныстырды. Жаңадан тағайындалған төрағаны құттықтап, сот төрелігіне деген сенімді нығайту жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.
Жаңа төрағаның еңбек өтілі:
2009-2014 жылдары Ақтау қалалық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы;
2014-2015 жылдары Маңғыстау облыстық соты талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2015 жылы Маңғыстау облыстық сотының персоналды басқару бөлімінің басшысы;
2015-2021 жылдары Жаңаөзен қалалық сотының судьясы;
2021-2025 жылдары Мұнайлы аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарды.


