Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда балалар ойын алаңдарына жарық жүйесі қосылады

Ақтауда балалар ойын алаңдарына жарық жүйесі қосылады
caravan.kz

Ақтау тұрғындары балалар ойнайтын алаңдарда жарықтың болмауына бірнеше рет шағымданған еді. Бұл мәселе биыл шешімін табады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қалада жарық жүйесін жаңарту және күтіп ұстау бойынша үш жылдық келісімшарт жасалған. 2024–2026 жылдарға арналған келісімшарттың жалпы құны – 967 398 815 теңге.

Бүгінге дейін мердігер компания көше шамдарына қызмет көрсету барысында 1744 ақауды ретке келтірген. Атап айтқанда, 5142 жарықдиодты шам, 910 басқару құрылғысы, 1264 ДНАТ шамы ауыстырылған. Сонымен қатар, саябақтар мен демалыс орындарында 2166 жарықдиодты шам мен 574 көше шамы жаңартылған.

Сондай-ақ, 61 662 метр зақымданған кабель ауыстырылып, әуежайға баратын жол бойындағы істен шыққан 1748 шам жаңасына алмастырылған.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің тапсырмасымен балалар ойын алаңдарына 2156 метр кабель жүргізіліп, электр желісіне қосылды.

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!