Ақтауда кеміргіштерге қарсы улау жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда Ақтау қаласында мердігер мекеме «Медик-Гигиенист» тарапынан егеуқұйрықтар мен басқа да кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс жоспарына сәйкес, 1 қазаннан бастап Самал шағын ауданынан Өмірзақ ауылының аумағына дейінгі жерді улау шаралары іске асырылуда. Сонымен қатар 16 және 17-шағынаудандарда улау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар 18, 19 және 20 шағынаудандарда жалғасады.
Айта кетейік, дератизациялау кезінде қолданылатын заттар қала тұрғындары мен үй жануарларына – қауіпсіз. Кеміргіштерге қарсы улау жұмыстары айдың соңына дейін жүргізіледі.
87




Комментарии
Комментарии
Нет комментариев