Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Өңірде алғаш рет халықаралық жастар форумы өтеді

Өңірде алғаш рет халықаралық жастар форумы өтеді

Ақтауда алғаш рет 5–7 қараша күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Aktau Youth Forum» халықаралық жастар форумы өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Форумға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінен және еліміздің 20 өңірінен келген 150-ге жуық жас қатысады.


Шара бағдарламасы «Серпіліс», «Сана», «Саулық», «Сауат» бағыттарын қамтиды. Аталған бағыттар аясында панельдік сессиялар, семинар-практикумдар, воркшоптар, сондай-ақ Маңғыстау облысының мәдени-тарихи нысандарына экскурсиялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар еліміздегі жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.


Форумда 12 спикер өз тәжірибесімен және кәсіби кеңестерімен бөліседі. Олардың қатарында журналист, қоғам қайраткері Дана Нұржігіт, еуропалық және америкалық урология қауымдастықтарының мүшесі Фархат Равилов, медиа сарапшы Өркен Кенжебек, теолог Нұрлан имам Байжігітұлы, IT ағартушы Тимур Бектұр, қазақстандық спорт-жүзуші Асқар Қуаныш, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхит Амантаев, блогер Жансерік Қыдырбаев, Naiza Fighting Championship промо-лигасының президенті Нұрбек Қарабала, жастар арасында тұлғалық даму мен білімді насихаттаушы Данияр Жігітбек, журналист Дина Төлепберген, тележүргізуші Айкерім Есенәлі бар. 


Форумға 18-34 жас аралығындағы кез келген жас қатыса алады. 


Тіркеу төменде көрсетілген сілтеме арқылы жүргізіледі:

https://aktauyouthforum.kz/?fbclid=PAZnRzaAN2bYFleHRuA2FlbQIxMQABp_nuW0nhuO-Kq6ardbNVnYPjWBnDRmKNP1RGS1TRdEV-J6gNi77yXoxRHMHR_aem_NMNXXPRGmb8OPzZpnXiVFA

78
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!