Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанда білім саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

|
26.11.2025 09:44
Қазақстанда білім саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект (AI) технологияларын енгізу мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жасанды интеллект элементтерін қолдану жөніндегі тапсырмасына сәйкес, елде ауқымды технологиялық трансформация басталды.


Жұмыс тобының алғашқы отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова отандық IT мамандар мен эксперттік қауымдастықтың EdTech саласындағы ұсыныстарын тыңдауға дайын екенін айтты.


Министрдің айтуынша, жаңа қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заң еліміздің технологиялық дамуының жаңа кезеңін айқындайды.


«Жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, білімді, жаңашыл азамат тәрбиелеу үшін AI технологияларын білім беру процесіне сауатты әрі сапалы енгізу – министрлік үшін басым бағыт. Жасанды интеллект мұғалімдердің артық жүктемесін азайтуға және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға көмектесуі керек», – деді Жұлдыз Сүлейменова.


Отырыста жасанды интеллектті кезең-кезеңімен енгізуге қатысты бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда:

• этикалық стандарттарды бекіту,

• нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру,

• инновациялық шешімдер арқылы білім сапасын арттыру,

• AI жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу.


Жұмыс тобына Мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева жетекші болып сайланды. Алдағы уақытта топтың отырыстары тұрақты түрде өткізілмек.


Бұл бастама еліміздің білім жүйесіне заманауи технологияларды тиімді енгізуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!