Otpan News Logo

Маңғыстауда спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионаты басталды

Маңғыстауда спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионаты басталды

 Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан 2006-2007 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тартысты додада 3 қала, 17 облыстан 500-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды, деп хабарлайды otpannews.kz.  


Іс-шараның мақсаты - жастар арасында самбо спортын дамыту, дарынды спортшыларды іріктеп, халықаралық деңгейдегі жарыстарға жолдама беру.


Спорттық шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы, өңірлік Самбо федерациясы және облыстық спортты дамыту дирекциясы бірлесіп ұйымдастырды. Маңғыстау облысы спортты дамыту дирекциясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Манарбек Бисекеновтың айтуынша, өңір намысын спорттық самбодан 17, ал жауынгерлік самбодан 22 спортшы қорғайды.


 "Жарыс екі күнге жалғасады. Салмақ дәрежелері ерлер арасында 53 келіден +98 келіге дейін, әйелдер арасында 50 келіден +80 келіге дейін белгіленген. Жеңімпаздар Филиппин елі, Манилла қаласында өтетін Азия чемпионатына және Греция елі, Салоника қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады. Барша спортшыларға сәттілік тілейміз",- деді Манарбек Бисекенов.
94
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!