Otpan News Logo

Қазақстанда мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі

|
31.03.2026 16:00
Қазақстанда мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
Фото: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде мәдени мұраны қорғау саласында мамандар даярлауды күшейту көзделген. Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рустам Мұзафаров айтып берді.


«Кешенді жоспар тағы бір өте маңызды мәселені – мұраны қорғау саласының мамандарын даярлауды көздейді. Соңғы жылдары бұл бағытта ЮНЕСКО айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Біз мамандарымызды, ең алдымен, облыстық және аудандық деңгейде даярлап жатырмыз, өйткені мәдени мұра үлкен қалаларда ғана өмір сүрмейді, оны сезініп, қадірін түсінетін жерлерде өмір сүреді», — деп атап өтті ғалым.
246
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!