Otpan News Logo

Маңғыстау жолдарында бақылау күшейеді: 3 сәуірден бастап жаңа жүйе рөлде телефон қолданғандарды тіркейді

|
31.03.2026 19:24
Маңғыстау жолдарында бақылау күшейеді: 3 сәуірден бастап жаңа жүйе рөлде телефон қолданғандарды тіркейді

Маңғыстауда 3 сәуірден бастап жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында автомобиль жолының 45 учаскесінде жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейтін «Sapar Vision» жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жаңа жүйе жылдамдықты асыру, тұтас сызықты кесіп, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану фактілерін тіркейді.


- Жүйе жол-көлік оқиғаларының санын азайту, қауіпсіздікті арттыру және жолдағы тәртіпті күшейту үшін орнатылып отыр. Жол тәртібі Ақтау – Жетібай аралығында 7 құрылғы, Жетібай – Жаңаөзен бағытында 4 құрылғы, Жаңаөзен – Кендірлі жолында 2 құрылғы, Жетібай-Жармыш автожолында 4 құрылғы, Құрық-Жетібай бағытындағы жолда - 1, Ақтау – Құрық жолында - 4, Ақтау – Ақшұқыр бағытында - 3, 43 шақырым – Таушық жолында - 5, Таушық – Шетпе автожолында - 3, Таушық – Қияқтыда – 1, Ақтау – Форт Шевченко аралығында 11 құрылғы арқылы қадағаланады, - делінген МО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының хабарламасында. 


Жауаптылар жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтап, рөлде мұқият әрі жауапты болуды сұрайды.


Айта кетейік, мұндай жұмыс «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында іске асып отыр.

85
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!