Otpan News Logo

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирінің ширек финалына шықты

|
02.04.2026 09:20
Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирінің ширек финалына шықты

Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев Сан-Луис Потоси (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Қазақпараттың жазуынша, жерлесіміз, әлемнің 353-ракеткасы екінші айналымда әлемнің 387-ракеткасы, канадалық Дэн Мартинмен аса тартысты матч өткізді.


Бірінші партияда тай-брейкте Бейбіт басымдылық танытса - 7:6 (7:3), екіншісінде Мартин дәл солай қарымта қайыра алды - 7:6 (8:6).


Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы 6:4 есебімен кездесуді аяқтады. Екі сағат 57 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 17 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Мартин 11 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.


Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 95-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен таласады.

18
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!