Otpan News Logo

Бейбіт Жұқаев Мексикада турнирін сәтті бастады

|
31.03.2026 15:58
Бейбіт Жұқаев Мексикада турнирін сәтті бастады

Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев Сан-Луис Потоси (Мексика) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды otpannews.kz


Қазақстандық теннисші, әлемнің 353-ракеткасы алғашқы айналымда әлемнің 491-ракеткасы, франциялық Робин Катриге тап келді. 


Қазақпараттың жазуынша, бірінші партияда қарсыластар брейкпен алмасқаннан кейін тай-брейкте Жұқаев әбжілдік танытты – 7:6 (9:7). Екінші сетте Катри айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Шешуші, үшінші партияда Бейбіт жеңісті жұлып алды – 6:4.


Екі сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсекеде Жұқаев 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Катри 11 эйс, 6 брейкпен (9 брейк-пойнт) ерекшеленді.


Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 387-ракеткасы, канадалық Дэн Мартинмен таласады. 


Соңғы кезде сәтсіздікке ұшырап жүрген қазақстандық теннисші кеше жаңартылған ATP рейтингісінде 302-ден 353-ке құлдыраған болатын.

80
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!