Otpan News Logo

Ақтауда оқушылар жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты

|
01.04.2026 12:18
Ақтауда оқушылар жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты

Ақтауда мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында маңызды іс-шара өтті. Соның аясында қаладағы №28 мектептің оқушылары «103» жедел жәрдем қызметі мекемесіне экскурсия жасап, медицина саласының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен  өткен шара барысында оқушылар жедел жәрдем станциясының жұмысымен танысып, диспетчерлік қызмет, фельдшерлердің міндеттері және заманауи санитарлық автокөліктердің жабдықталуы туралы толық ақпарат алды. Экскурсия оқушылардың қызығушылығын арттырып, медицина мамандығына деген көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік берді.

 

МО жедел жәрдем және шұғыл медициналық жәрдем станциясының директоры Амантай Досжановтың айтуынша, мекеме биыл жаңа ғимаратқа көшкен.

 

«Қазіргі таңда нысанда 15 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Мұнда заманауи талаптарға сай жабдықталған диспетчерлік бөлім, оқу кабинеттері және толық құралдандырылған санитарлық автокөліктер бар. Жалпы облыс бойынша жедел жәрдем қызметінде 990 қызметкер еңбек етеді. Ал жаңа ғимаратта 200 маман қызмет атқарады. Сонымен қатар, қала аумағына медициналық көмек көрсету үшін бригадалар тиімді түрде бөлінген. Оның ішінде 15 бригада қаланың жоғарғы бөлігіне, ал қосымша 10 бригада төменгі шағын аудандарға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда тағы үш қосымша бригада ашу жұмыстары жүргізілуде», - деді Амантай Досжанов.

 

Аталған іс-шараның басты мақсаты - оқушыларға алғашқы көмек көрсетуді үйрету ғана емес, сонымен қатар олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал етуге бағытталған.

 

«Бұл бастама өңір басшысының қолдауымен алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Жоба аясында 100-ден астам оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары үйретілді. Мұндай оқыту әсіресе жаз мезгілінде теңіз жағасында немесе ойын-сауық орындарында жиі болатын төтенше жағдайларда аса маңызды. Біз биыл жаңа ғимаратқа көштік, себебі бұрын жеке ғимаратымыз болған жоқ», - деді станция директоры
60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!