Otpan News Logo

Мердігердің облыстық ауруханаға сыйға тартқан пандусының сапасы сын көтермейді

|
01.04.2026 14:34
Мердігердің облыстық ауруханаға сыйға тартқан пандусының сапасы сын көтермейді Otpan News Logo

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының тұрмыстық блогына күрделі жөндеу жүргізілгеніне көп уақыт өтпесе де кафельдері түсіп, сылағы үгітіле бастады. Ал мердігердің “сыйы” ретінде салынған пандус екі рет қайта жөндеуден өткен, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының тұрмыстық блогын күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылы жүргізілген еді. Жөндеу жұмыстары кір жуатын орын мен аса қауіпті инфекциялар бөліміне жасалды.


«Қазіргі уақытта ішінара ақаулар анықталды: патологоанатомиялық бөлімшенің кіреберісінде бірнеше еден плиткасының зақымдалғаны белгілі болды, сондай-ақ кір жуу бөлімшесінде төбе сылағының ішінара үгітілуі тіркелді. Анықталған кемшіліктерге байланысты аурухана әкімшілігі «Мұхаммед и Ко» ЖШС мердігер ұйымына кепілдік міндеттемелер аясында ақауларды жою талабымен ресми хат жолдады»,- деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 


Алайда аурухана өкілдерінің мәлімдеуінше, 26 шағынаудандағы мәйітхана ғимаратының пандусы жобалау-сметалық құжаттамада қарастырылмаған.


Пандус салу идеясын мердігердің өзі ұсынған. Бұл оқиға да 2024 жылдың күз-қыс мезгілінде болған. Бірақ 2025 жылы пандус жарамсыз болып, ол екі рет қайта жөнделді. Мердігер ауа райы жылынған соң оны тиісті қалыпқа келтіруге уәде берді,- деп хабарлады аурухана өкілдері. 


Қазіргі уақытта аурухана әкімшілігі аталған жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!