Otpan News Logo

15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшарт жасасты

|
01.04.2026 23:20
15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшарт жасасты

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов «Барселонамен» келісімшарт жасасты. Бұл туралы «Mundo Deportivo» басылымы хабарлады, деп жазады otpannews.kz.


«Испанияның балалар мен жасөспірімдер футболы қазақстандық Кәрім Меңдіқановпен келісімшарт жасады. 2011 жылы туған қазақстандық жас футболшы келесі маусымда клубқа қосылады», – делінген басылым жазбасында.


Кәрім Меңдіқанов Испанияға 2022 жылы барды. Өткен маусымда ол Каталония лигасында «Серданьола» сапында өнер көрсете бастады.


Одан кейін «Сан-Кугатқа» ауысып, тағы бір қадам алға басқан. Онда оң қанаттағы шабуылшы позициясында команданың маңызды ойыншыларының бірі болды. Оның ойыны Испания Премьерасының бірнеше клубының қызығушылығын тудырған. Футболшы «Барселонаның» ұсынысын қабылдаған.

95
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!