Otpan News Logo

Каспий акваториясында қазақстандық шекарашылар браконьерлік 13 фактінің жолын кесті

Каспий акваториясында қазақстандық шекарашылар браконьерлік 13 фактінің жолын кесті
ашық дереккөзден

Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету аясында ҚР ҰҚК Шекара қызметі жыл басынан бері шекара кеңістігінде заңнаманы бұзған 6 021 адамды ұстады. Оның 5 034-і шетелдіктер. Бұл туралы otpannews.kz хабарлайды.


Сонымен қатар, шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 103 фактісіне тосқауыл қойылды. Атап айтқанда:

• Есірткі заттары – 41 факт;

• Қару-жарақ пен оқ-дәрілер – 50 факт (7 дана атыс қаруы және 37 дана суық қару, 276 оқ-дәрі);

• Жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) – 66 тоннадан астам көлемде 1 056 факт;

• Халық тұтынатын тауарлар – 4,6 млрд теңгеден астам сомаға 741 факт;

• Валюта – 1,9 млрд теңге сомасында 215 факт.


Каспий акваториясында браконьерліктің 13 фактісі тоқтатылып, браконьерлік аулау құралдары мен бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Алдын алынған залал сомасы 330 млн теңгеден асты.


Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.

36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!