Маңғыстаулық ардагер дзюдошы әлем біріншілігінде жүлде алды
Маңғыстаулық ардагер дзюдошы Оразалы Төлеев Парижде аяқталған әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Франция астанасында өткен жаһан біріншілігінде өңірдің қос дзюдошысы финалға дейін жеткен болатын. Олардың бірі Оразалы Төлеев 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміспен күтпеліп отыр.
О.Төлеев жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде Марокко өкілінен айласын асырса, ширек финалда Грузия балуаны Шалва Баблуаниді қапы қалдырды. Ал жартылай финалда неміс балуаны Франз Хаетичті жеңіп, финалда грузин дзюдошысы Георгий Папунашвилиге есе жіберді.
Осылайша жерлесіміз өңірдің татами шеберлері арасында әлемдік додадан иеленген жүлде санын арттырып отыр. Бұған дейін аталған әлем чемпионатында тағы бір маңғыстаулық ардагер балуан Қайрат Борбасов әлем чемпионатында топ жарған болатын.