Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда экологиялық сенбілікке 10 мыңнан астам тұрғын атсалысты

|
12.10.2025 09:08
Маңғыстауда экологиялық сенбілікке 10 мыңнан астам тұрғын атсалысты
Фото: МО әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысында сенбі күні кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагерлер, мемлекеттік және салалық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.


Облыс бойынша өткен сенбілікке шамамен 10 мың адам қатысып, 67 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде өңір аумағынан 190 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, сенбілік аясында өңірдің экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 5200 жасыл желек егілді. Атап айтқанда, шаған(ясень), үйеңкі(клён) және акация ағаштарының көшеттері егілді.


Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай сенбілік барысында қала тұрғындарын табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырды. 


«Мемлекет басшысы тазалықтың мәні мен маңызына ерекше тоқталып, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығы – әр азаматтың ішкі мәдениетінің көрінісі екенін атап өтті. Шынында да, тазалық пен тәртіп – кез келген өңірдің айнасы. Бізге ең бастысы нәтиже қажет. Қоқыс уақытында шығарылып, көшелеріміз таза болуы тиіс. Бұл – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, барлық мекемелер мен әрбір тұрғынның ортақ міндеті», - деді Нұрдәулет Қилыбай.


Айта кетейік, тазалық шарасы ерекше форматта ұйымдастырылды. Достық үйінің жанында арнайы тігілген ағаш үйлерде қатысушыларға ыстық шай мен ас ұсынылды. Сенбілік соңында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен шағын мерекелік концерт өтті.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!