Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Жол сапасы – транзиттің табысты кепілі

Жол сапасы – транзиттің табысты кепілі

Маңғыстау облысы - еліміздің батыс қақпасы, халықаралық көлік дәліздерінің түйіскен торабы. Мамандардың айтуынша, Каспий арқылы өтетін теңіз жолдары мен шекаралық өткізу пункттері өңірдің экономикалық және логистикалық маңызын арттырып отыр. Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың сегіз айында облыс аумағы арқылы өткен транзиттік жүк көліктерінің саны 131 мыңнан асқан. Оның ішінде 77 585 жүк көлігі кіріп, 53 955 көлік елден шықты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл көрсеткіш аймақтың көлік-логистикалық әлеуетін ғана емес, сонымен қатар жол инфрақұрылымының сапасын да айқын көрсетеді. Инфрақұрылымның сапалы болуы – транзиттік және экспорттық-импорттық тасымалдардың үздіксіз жүруіне мүмкіндік береді. 


Өңір арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Мұның бір себебі — өңірдегі жолдардың жақсы жағдайда болуы және көліктердің кедергісіз қозғалуына жасалған жағдай. Екіншіден, порттар арқылы қабылданатын жүк көлемі де ұдайы артып отыр, - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Манас Битимов. 


Өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып отырған басты нүктелердің бірі – Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Тәжен» өткізу пункті. Бұл бекет Орталық Азияны Ресеймен және Еуропамен байланыстыратын негізгі автокөлік артерияларының бірі. 


Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында «Тәжен» өткізу пукті арқылы 71 860 жүк көлігі өткен. Оның ішінде 34 972 көлік Қазақстан аумағына кірді, 36 888 көлік елден шықты. 


Өңірдегі екінші маңызды шекаралық бекет – «Темір – баба» өткізу пункті. Ол Қазақстанның Түрікменстан Республикасымен шекарасында орналасқан. Оның географиялық орналасуы шетелдік тасымалдаушыларға Түрікменстан арқылы Түркияға, Пәкістанға, Ауғанстанға, БАӘ-ге және басқа да елдерге шығуға жол ашып отыр. Мұнда биыл жеті айда 18 349 жүк көлігі тіркелген. Оның ішінде 8 735 көлік кіріп, 5 349 көлік елден шықты.

 

Маңғыстау облысы – еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып отырған маңызды көлік торабы. Өңірдегі жол инфрақұрылымының сапасы мен шекаралық өткізу бекеттерінің тиімді жұмысы транзиттік тасымалдың үздіксіз жүруіне зор ықпал етіп отыр. Жылдан-жылға артқан жүк көлігі ағыны – осының нақты дәлелі.

21
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!