Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адамға сот үкім шығарды

|
10.10.2025 12:44
Ақтауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адамға сот үкім шығарды
Ашық дереккөзден

Ақтау қалалық сотында аса ірі көлемде табыс табумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған айыпталушыға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды otpannews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сот анықтағандай, айыпталушы өткен жылдың 21 маусымнан биылғы 13 наурызға дейін онлайн-казино ұйымдастырып, құмар ойындарға қолжетімділік берген. Ол дроппер ретінде туысқанын, яғни Грузия азаматын пайдаланған. Оның банктік картасы ұрланған қаражатты өткізу үшін қолданылған. Айыпталушы ойын платформаларын сатып алып, мобильді телефондар иеленген, жарнама таратып, клиенттерді тарту үшін фото-бейнематериалдар жіберіп, түрлі акциялар мен бонустар ұсынған.


Ойынға қызығушылық танытқан адамдар айыпталушымен мессенджер арқылы байланысып, баланс толықтыру мен қатысуға қажетті деректерді алып отырған.


Сот мәліметінше, көрсетілген кезеңде онлайн-казино қызметінен дроппердің есепшотына 76 млн теңгеден астам қаржы түскен. Банктік аударымдар арасындағы байланыстың айыпталушыға қатыстылығы дәлелденген. Кінәлі екенін пәтер мен телефондарды тексеру хаттамалары, куәгерлердің телефондарындағы скриншоттар, сарапшының қорытындылары және өзге де материалдар айқындап отыр. 


Прокурор айыпталушыны 5 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады. Айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, шынайы өкінгенін айтып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды өтінді.


Сот жеңілдететін мән-жай ретінде оның асырауында кәмелетке толмаған баласының барын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Соның нәтижесінде айыпталушы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленетін болды. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

37
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!