Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Қорқыт ата» кинофестивалінде Ұлттық киноны қолдау орталығы түркі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтті

|
04.10.2025 17:19
«Қорқыт ата» кинофестивалінде Ұлттық киноны қолдау орталығы түркі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтті

Түркі әлемінің халықаралық «Қорқыт ата» кинофестивалі аясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің кинематография саласындағы мемлекеттік ұйымдарымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл келісім ортақ тарихи мұраны, мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді киноөнер арқылы ұлықтау және түркі елдерінің мәдени бірлігін нығайтуға бағытталған.


Енді меморандум аясында түркі елдерімен көркем, деректі және анимациялық фильмдер бірлесіп түсіріліп, шеберлік сыныптары мен дубляж саласындағы жобалар қолға алынады. Сондай-ақ кино мамандары бір-бірімен тәжірибе алмасып, көркем-публицистикалық және тарихи фильмдерді түсірмек.


«ТҮРКСОЙ аясындағы ынтымақтастық түркі әлемі кинематографтарына тың мүмкіндіктер ашады. Бірлескен жобалар мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, түркі халықтарының бай мұрасы мен бүгінгі жетістіктерін әлемдік аудиторияға жеткізуге жол ашады», – деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.


Айта кетейік, Ақтауда «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр. Мәдени шараға Қазақстаннан бөлек Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Мажарстаннан кино мамандары, продюсерлер, режиссерлар, актерлер қатысуда. Бүгін халықаралық фестивальдің жабылу салтанаты өтеді.

152
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!