Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда дзюдодан ересектер арасында Азия кубогы өтеді

Маңғыстауда дзюдодан ересектер арасында Азия кубогы өтеді

Ақтауда Маңғыстау облысының құрметті азаматы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ересектер арасында Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Халықаралық дзюдо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген жарысқа тоғыз елден және бір халықаралық құрамадан 200-ден астам дзюдошы қатысады. Өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаштың айтуынша, аталған жарыс «BS Arena» спорт кешенінде 11-12 қазан күндері өтеді.


Сайыста қатысушылар 14 салмақ дәрежесінде бақ сынайды және екі күнге созылады. Азия Кубогының ресми ашылуы 11 қазан сағат 16:00-де өтеді. Финалдық белдесулер 17:00-де ұйымдастырылады. Тұрар Жолдыбаев – Қазақстанның үздік фермері және Маңғыстау облысының еңбек сіңірген қайраткері. Ол тек аграрлық жетістіктерімен ғана танымал емес, сонымен қатар маңғыстаулықтардың жадында спорттық ұйымдарды белсенді қолдаған тұлға ретінде сақталған. Ол өңірде дзюдо спортының дамуына зор үлес қосты, - деді Мақсат Мұқаш.


Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Қанат Жұмабаев жарыс 2009 жылдан бері ұйымдастырылып келетіндігін айтты.

 

Жарыстың бірінші күні әйелдер 48, 52, 57, 63 келі, ерлер 60, 66, 73 келі, екінші күні әйелдер 70, 78, +77 келі, ерлер 81, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жарыста жеңімпаз мен жүлдегер атанғандарға 100, 70 және 50 баллдық рейтингтік ұпайлар беріледі. Айта кетсек, бұл жарыс 2009 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2018 жылы лицензиялық жарыс түріне айналды, - деді Қанат Жұмабаев.

 

Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Тимур Болаттың айтуынша, сайыста әр елден келген рефери төрешілік етеді. 


Сайыста жарыстың реферилері мен татамидегі реферилер де әр елден келеді. Атап айтқанда, Сауд Арабиясы мен Қазақстаннан жалпы жарыстың рефери директорлары қатысады. Ал татамиде 11 рефери төрешілік етеді. Олар Қазақстан, Гонконг, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Иорданиядан келеді, - деді Тимур Болат.
45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!