Otpan News Logo

Ақтауда жастардың цифрлық қауіпсіздігі мен кәсіпкерлік мүмкіндіктері талқыланды

|
27.11.2026 18:20
Ақтауда жастардың цифрлық қауіпсіздігі мен кәсіпкерлік мүмкіндіктері талқыланды

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін Yessenov University ғимаратында «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Bir tolqynda» диалог алаңы өтті. Іс-шараға «Әділет» партиясы Ақтау қалалық филиалының төрағасы Абзал Марат, спорт саласының үздігі Бекзат Нұрдаулетов, кәсіпкер Ермек Фаталиев және өңір жастары қатысты.


Диалог алаңының мақсаты – жастармен ашық пікір алмасу, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, өзекті мәселелерді талқылау және жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат беру.


Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттар талқыланды. Атап айтқанда, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, жастардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мәселелері сөз болды.


«Әділет» партиясы Ақтау қалалық филиалының төрағасы Абзал Марат цифрландыру дәуірінде жастардың ақпараттық қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.


– Бүгінде цифрлық технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда технологиялық мүмкіндіктермен қатар интернет-алаяқтық, дербес деректердің таралуы, кибербуллинг және жалған ақпарат секілді қауіптер де артып келеді. Сондықтан жастардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және жеке деректерін қорғау дағдыларын жетілдіру аса маңызды. Цифрлық Қазақстанды қалыптастыру технологиялық инфрақұрылымды дамытумен ғана шектелмей, қауіпсіз әрі жауапты цифрлық мәдениетті орнықтырумен қатар жүруі тиіс, – деді Абзал Марат.


Өз кезегінде кәсіпкер Ермек Фаталиев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған кәсіпкерлікті дамыту бағыттарына тоқталып, жастарды жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.


3
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!