Otpan News Logo

«Тарих – туристерге әсер қалдыру құралы емес, ол ұлттың жады»: Марат Себасов гидтердің кәсіби даярлығын күшейту мәселесін көтерді

|
26.11.2026 11:04
«Тарих – туристерге әсер қалдыру құралы емес, ол ұлттың жады»: Марат Себасов гидтердің кәсіби даярлығын күшейту мәселесін көтерді
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметінен алынды

OTPANNEWS.KZ. - Бүгінде гидтің жалпы кәсіби тәжірибесі оның нақты тарихи-мәдени немесе киелі орын бойынша терең білімін толық растай бермейді. Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Марат Себасов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа жолдаған депутаттық сауалында осылай деді.


Оның айтуынша, туристерге бір объект туралы әртүрлі, кейде ғылыми негізі жоқ, ойдан шығарылған деректер айтылып, тарих пен рухани құндылықтар беделіне нұқсан келуде. Ұлттық тарих пен киелі мұра жеке көзқарастың, коммерциялық мүдденің немесе еркін интерпретацияның нысанына айналмауға тиіс.


Осыған байланысты, депутат гидтердің жалпы кәсіби мәртебесімен қатар нақты объект немесе туристік бағыт бойынша құзыретін растау тетігін, рухани-киелі туризм гидтеріне арналған арнайы даярлау бағдарламасын енгізуді және туристік объектілер бойынша бірыңғай ақпараттық карталар әзірлеуді ұсынды.

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!