Otpan News Logo

ІІМ пәтерлерді аралап, биометриялық деректерді жинап жүрген топ туралы ақпаратқа түсініктеме берді - жалған

|
26.11.2026 09:57
ІІМ пәтерлерді аралап, биометриялық деректерді жинап жүрген топ туралы ақпаратқа түсініктеме берді - жалған

OTPANNEWS.KZ. - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өздерін Ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың құжаттарын тексеру және биометриялық деректерін жинау мақсатында пәтерлерді аралап жүрген адамдар туралы ақпарат таралып жатыр. ІІМ аталған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.


Мұндай жазбалар бұған дейін де таралып, полиция тарапынан жоққа шығарылған болатын.


«Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз», деді министрліктің баспасөз қызметі.

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!