Otpan News Logo

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

|
25.11.2026 16:48
Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін, 25 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау мен мониторинг нәтижелері қаралды.


Комиссия отырысында аталған бағыттар бойынша жүзеге асырылған іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігіне назар аударылды.


Облыс әкімі жауапты басқармаларға атқарылған жұмыстардың нәтижесін жан-жақты саралап, олардың нақты тиімділігін тексеруді тапсырды. Сонымен қатар қоғамға нақты пайдасы бар, нәтижеге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!