Otpan News Logo

Куәлігінен айырылған: Ақтауда есірткі қолданып көлік басқарған азамат қамалды

Куәлігінен айырылған: Ақтауда есірткі қолданып көлік басқарған азамат қамалды

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге мас күйде көлік басқарып, 20 тәулікке қамалды. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Ер адамды полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдеу барысында тоқтатқан. Медициналық куәландыру оның есірткілік масаң күйде болғанын растады.


Тексеру кезінде жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны да анықталған. Осыған байланысты оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.


Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!