Otpan News Logo

«Аялдауға тыйым салынады»: 17-шағын ауданға жаңа жол белгісі орнатылды

|
26.11.2026 11:10
«Аялдауға тыйым салынады»: 17-шағын ауданға жаңа жол белгісі орнатылды

OTPANNEWS.KZ. - Қала тұрғындарының өтініштері мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласының 17-шағын ауданында 3.27 «Аялдауға тыйым салынады» жол белгісі орнатылды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Аталған шара көлік қозғалысын реттеуге, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.


Осыған орай жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, орнатылған жол белгілерінің талаптарына мұқият болуды сұраймыз.


12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!