Otpan News Logo

Жаңа Конституция жастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады

|
25.11.2026 14:49
Жаңа Конституция жастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстанның жас ұрпағы, оның ішінде жұмысшы мамандықтарының өкілдері мен студенттер 2026 жылғы наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституциядан кәсіби және тұлғалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін күтеді. Негізгі заңда адами капиталды дамытуға, ғылым мен инновацияны қолдауға ерекше назар аударылған.

 

Мен жас маман ретінде жаңа Конституцияны, ең алдымен, адами капиталды, білім мен технологияны дамытуға бағытталған бағдар деп санаймын. Кәсіби жолымның басында құқықтық кепілдіктердің айқын болуы, өзін-өзі жүзеге асыру мен кәсіби өсуге тең мүмкіндіктердің берілуі, сондай-ақ инновациялар мен жасампаз еңбектің қолдауға ие болуы аса маңызды.

 

Сонымен қатар, Ата заң әрбір азаматтың жеке жауапкершілігін де еске салады. Әр адам адал еңбек етіп, заңды құрметтеп, ел мен қоғамның дамуына өз үлесін қосуы керек.

 

Менің ойымша, құқықтар мен бостандықтар кепілдіктерін нығайту, өзін-өзі жүзеге асыруға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, қоғамдық өмірге қатысу, кәсіптік білім алу және мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері – мұның барлығы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды құрамдас бөліктері.

 

Марьям Цуриева,

Ақтау қаласындағы «Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК-ның түлегі

 

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!