Otpan News Logo

«МӨЭК» АҚ: Ақтауда тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы қайта жұмысын бастады

|
25.11.2026 15:57
«МӨЭК» АҚ: Ақтауда тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы қайта жұмысын бастады

OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда «МӨЭК» АҚ Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы (ТҚКО) қайтадан жұмысын бастады. Жөндеу жұмыстарынан кейін онда тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасалып, қызмет көрсету «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылды.

 

«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық саланы цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, «БТҚ Маңғыстау» (ЕПД Маңғыстау) бірыңғай төлем жүйесінде электр энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және өзге де ұйымдардың қызметтеріне енді «МАЭК» пен «КЖСА» кәсіпорындарының қызметтері қосылды. Сонымен қатар тұрғындарға жайлы жағдай жасап, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы жөндеуден өтті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты МӨЭК және басқа да ұйымдармен бірлесіп жалғастырамыз», — деді Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.

 

 «Бір терезе» қағидаты қызмет көрсетуді әлдеқайда ыңғайлы әрі жедел етуге мүмкіндік береді — тұрғындар қажетті кеңес алып, электрмен жабдықтауға қатысты мәселелерін бір жерден шеше алады.

  

Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін ТҚКО-да екі касса жұмыс істейді. ТҚКО жұмыс кестесі өзгеріссіз қалды. Мамандар тұрғындарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін қабылдайды. Түскі үзіліс — 12:30-дан 13:30-ға дейін.

 

ТҚКО мекенжайы: Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, №84 үй, «President» ТК, 1-қабат.

 

Байланыс телефондары: 8 705 748 06 07, 8 705 748 08 09, 8 705 735 85 22.

34
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!