Otpan News Logo

Қарақия орталық аудандық ауруханасын қайта жаңғырту жоспарланып отыр

|
20.11.2026 12:15
Қарақия орталық аудандық ауруханасын қайта жаңғырту жоспарланып отыр

OTPANNEWS.KZ. - Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына жұмыс сапары барысында Қарақия орталық аудандық ауруханасына барып, медициналық мекеменің жай-күйімен танысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қарақия орталық аудандық ауруханасының ғимараты 1978 жылы пайдалануға берілген. Үш қабатты, жертөлесі бар типтік ғимараттың жалпы ауданы - 3 458 шаршы метр, құрылыс көлемі - 17 296 текше метр. Медициналық мекеме 55 төсек-орынға есептелген.


Аурухана ғимаратына 2007 жылы күрделі, ал 2020 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Дегенмен, ғимараттың қазіргі жағдайы күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту мен жұмыстарын қажет етеді.


Бүгінде аурухана теңгерімінде 11 санитарлық автокөлік бар. Оның ішінде шалғай ауылдық елді мекендердегі медициналық ұйымдардың жедел әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуіне жағдай жасау мақсатында Сенек, Бостан және Құланды дәрігерлік амбулаторияларына, сондай-ақ «Болашақ» станциясындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке бір-бір санитарлық автокөліктен бөлінген. Құрық ауылындағы емханаға екі көлік бекітілсе, қалған бес санитарлық автокөлік Қарақия орталық аудандық ауруханасының қызметінде.


Жұмыс сапары барысында облыс әкімі аурухана ғимаратының жағдайын назарға алып, оны жаңарту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты ғимараттың үш қабатын да қамтитын күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ реконструкция аясында гаражды жаңғырту мәселелері қарастырылуда.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!