Otpan News Logo

Нөсер жауын, қар, көктайғақ: Ертең Маңғыстауда ауа райы қандай болады?

|
25.11.2026 16:38
Нөсер жауын, қар, көктайғақ: Ертең Маңғыстауда ауа райы қандай болады?

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстау облысында алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.


Синоптиктердің болжамынша, 25 қарашада күндіз өңірде жаңбыр жауады. Ауа температурасы +10…+12 градус шамасында болады. Ал түнде жауын-шашынсыз, ауа райы +5…+7 градусқа дейін салқындайды.


26 қарашада облыс аумағында қалың тұман түсіп, қатты жел соғуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ нөсер жаңбыр, найзағай, қалың қар және қатты көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы +8…+10 градус болады.


27 қарашада да күн райы құбылмалы болады. Түнде жауын-шашынсыз, ал күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +8…+10 градус шамасында болады.


Осыған байланысты 112 қызметі тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады. Әсіресе, қатты жел, тұман, көктайғақ кезінде жолда абай болған жөн.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!