Маңғыстауда «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге дайындықты пысықтау мақсатында 24–25 қараша күндері «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күш-құралдарының қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ олардың салдарын жоюға дайындығын арттыру.
Оқу-жаттығу аясында апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде тиісті қызметтер мен азаматтық қорғау құрылымдарының күштерін жедел басқару алгоритмдері пысықталды.
Жаттығу штабы қалалар мен аудандарға 15 кіріспе тапсырма жолдап, олардың негізінде 15 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізді.
Аталған іс-шара қысқы кезеңде болуы ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру және өңірдің азаматтық қорғау жүйесінің әзірлігін нығайтуға бағытталды.