Otpan News Logo

Аят Сүгірбай: Ру - елдік мүддеден, мемлекетшілдік идеясынан жоғары тұратын ұғым емес

|
26.11.2026 11:05
Аят Сүгірбай: Ру - елдік мүддеден, мемлекетшілдік идеясынан жоғары тұратын ұғым емес
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметінен алынды

OTPANNEWS.KZ. - Қазір шаруа қожалықтарды, серіктестіктер мен фирмаларды, кәсіпорындарды қазақ руларының атымен атау үрдісі жиілеп кетті. Осы мәселені Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Аят Сүгірбай Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа жолдаған депутаттық сауалында көтерді.  

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік мәліметтер базасының ақпаратына сәйкес, Қазақстанда қазақ руларының атымен аталған 800-ге жуық коммерциялық және коммерциялық емес ұйым бар. Аят Сүгірбайдың айтуынша, ру – елдік мүддеден, мемлекетшілдік идеясынан жоғары тұратын ұғым емес. Рушылдық тамыр жайған жерде әділ бәсекелестік әлсірейді және меритократия қағидаттары бұзылады. 

Осыған байланысты Әділет министрлігіне заңды тұлғалардың атауына қатысты нақты талаптар енгізуді, яғни қазақтың ру-тайпаларының атымен атауға заң жүзінде тыйым салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!