Otpan News Logo

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларын ұстады

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларын ұстады

АСТАНА. OTPANNEWS.KZ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Орынбаевты ұстады. 


ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Сонымен қатар осы іске қатысы бар өзге де адамдар ұсталған.


Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.


Ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекет басшысының тапсырмасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалғасатынын атап өтті.

2
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!