Перзентханадағы аналар өз таңдауын жасады
Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» орталығында босанған аналар мен емделуші әйелдер де өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытты.
Сайлау күні көпбалалы ана атанған Камила Жаңғақбаева да өз таңдауын жасап, ел болашағына деген азаматтық ұстанымын білдірді. Камила үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Өмірге сәби әкеліп, ана атанумен қатар, елдің ертеңі үшін маңызды таңдау жасау оның қуанышын еселей түсті.
- Әрбір азаматтың дауысы ел болашағына қосқан үлесі. Ана ретінде балаларымыздың жарқын болашағын қалаймыз. Сондықтан бүгін өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындадым, – деді Камила Жаңғақбаева.
Орталықта босанған аналардың сайлауға қатысуына қажетті жағдайлар жасалды. Сайлау күні ана атанып, азаматтық міндеттерін орындаған әйелдер үшін бұл күн қос қуанышқа айналды.
25
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев