Otpan News Logo

Мұнайлы ауданында №221 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда

|
29.11.2026 17:17
Мұнайлы ауданында №221 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда

Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округіндегі №221 сайлау учаскесінде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру жалғасуда. Учаскеге келген тұрғындар өз таңдауларын жасап, дауыс беріп жатыр.


Сайлау учаскесінің төрағасы Сәуле Сақабаеваның сөзінше, сайлау учаскесі қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген, дауыс беру де талаптарға сәйкес.


«Дауыс беру белгіленген талаптарға сәйкес өтіп жатыр. Учаскеде қоғамдық тәртіп сақталып, тұрғындарға өз таңдауын жасауға барлық жағдай қарастырылған», – деді учаске төрағасы.


Айта кетейік, сайлау учаскесінде дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!