Otpan News Logo

Отыз бір жыл отасқан ұстаздар отбасы дауыс берді

|
29.11.2026 15:14
Отыз бір жыл отасқан ұстаздар отбасы дауыс берді

Ақжігіт ауылының тұрғындары Нұрқалиев Жеңісбай Сисенбайұлы пен Жиенқұлова Динара Амангелдіқызы Ақжігіт ауылындағы №129 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауын жасады.


Отау құрғандарына 31 жыл толған ерлі-зайыптылар Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулып жүрген ұстаздар сайлауға қатысып, азаматтық міндеттерін орындады.


«Отыз жылдан астам уақыт өмірдің қуанышы мен жауапкершілігін бірге бөлісіп келеміз. Бүгін де сайлауға бірге келіп, дауыс бердік. Ұстаз ретінде балаларымыздың болашағы жарқын, ауылымыздың іргесі берік болғанын қалаймыз. Әр тұрғынның таңдауы маңызды деп есептейміз», - дейді ерлі-зайыптылар.

43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!