Otpan News Logo

Жаңаөзендік үшемнің анасы сайлауда дауыс берді

|
29.11.2026 15:30
Жаңаөзендік үшемнің анасы сайлауда дауыс берді

29 қараша күні Жаңаөзен қаласының тұрғыны, Мадина, Амина және Камила есімді үшемнің анасы Ғазиза Наренова сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.


Ол маңызды қоғамдық науқаннан тыс қалмай, азаматтық белсенділік танытты. Үш қыздың анасы ретінде ғана емес, ел азаматы ретінде де қоғам өміріндегі маңызды шешімдерге атсалысып, өз ұстанымын білдірді.


Ғазиза Наренова сайлауға қатысу әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін білдіретінін атап өтті.


«Менің ойымша, әр азамат елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезде өз таңдауын жасауы керек. Біз балаларымыздың болашағы үшін алаңдаймыз, олардың жақсы ортада өсіп, білім алып, қауіпсіз қоғамда өмір сүргенін қалаймыз. Сондықтан осындай маңызды науқандарға қатысу азаматтық міндетіміз деп білемін. Бүгін өз таңдауымды жасап, ел болашағына деген үмітімді білдірдім», – деді Ғазиза Наренова.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!