Otpan News Logo

Қарақиялық мұнайшылар өз таңдауын жасады

|
29.11.2026 17:26
Қарақиялық мұнайшылар өз таңдауын жасады

Бүгін Қарақия ауданындағы өндірістік мекемелердің қызметкерлері мәслихат сайлауына белсенді қатысып жатыр. Аудан бойынша мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшылар үшін арнайы жағдайлар жасалды. Қызметкерлер сайлау учаскелеріне келіп дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.


Өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі саналатын мұнай саласында қызмет ететін жұмысшылар таңғы уақыттан бастап өз учаскелерінде дауыс беріп, ел өміріндегі маңызды науқаннан тыс қалмайтынын көрсетті.


Мұнайшылардың айтуынша, ел болашағына бейжай қарамай, маңызды қоғамдық-саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан олар өндірістегі қарбалас қызметке қарамастан дауыс беруге уақыт тауып, мәслихат сайлауында белсенділік танытуда.

14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!